Тарихи-мәдени ескерткіштерді қирататындарға жазаны қатаңдату қажет - археолог

0
950

Президентке балалар құқықтарының бұзылу фактілерін азайту үшін жекеменшік балабақшалардың жауапкершілігін арттыруға және мектеп бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеудің жаңа тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берілді.


Тарихи-мәдени ескерткіштерді қирататындарға жазаны қатаңдату қажет - археолог

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Құрманқұлов Алматыда өтіп жатқан «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен қорғау жөніндегі заңға өзгерістер енгізу қажет. Өйткені бұл заң қазір қауқарсыз.

Бұл заң әлсіз, мәдени ескерткіштерді бұзатындарға өте жеңіл қарайды. Мәселен, ескерткіштерді бұзғандарға немесе ұрлап сатқандарға қатысты жаза жоқ, көп болса сөгіс береді, не айыппұл салады. Көрші Қытай елінде ескерткіштерді әдейі бұзу, сату дерегіне қатысты төрт бап бар. Тіптен, өлім жазасына кесіп, бүкіл мүлкін тәркілейді. Сондықтан болар қытайдың тарихи заттары осы күнге дейін сақтаулы тұр,-деді археолог.

Сонымен қатар ол бізде тарихи жәдігерлерді сөмкеге толтырып алып кеденнен өте беретінін жеткізді.

Елімізде құнды жәдігерлерді рюкзакқа толтырып алып бара жатқан қаскөйлер кеденнен ұсталған жағдайы тіркелді. Ұсталмай өткендері қаншама. Сондықтан тарихи жәдігерлер мен ескерткіштерді қорғау жөніндегі Қаулыға осы мәселелерді енгізсек дұрыс болар еді,-деді ол.

Бұған дейін археологтар «Сақтар мемлекет құрған деген тоқтамға әлі келе алмай жүрміз» деген болатын.