Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғынының көлігінен ірі көлемді есірткі тәркіледі (видео)

0
1 037

Бұл оқиға «Көкнар» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында орын алған.


Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғынының көлігінен ірі көлемді есірткі тәркіледі (видео)

Шымкент қаласының тұрғыны 23 келіден астам марихуана тасымалдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Департамент ақпаратына сүйенсек, жамбылдық полицейлер «Көкнар» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында «Алматы-Ташкент» тас жолында «Лада-21713» көлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатып тексерген. Нәтижесінде, 43 жастағы шымкеттік азаматтың көлігінен жалпы салмағы 23 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген.

«Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеу изоляторына қамалды. Қазір ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген аталған департамент мәлімдемесінде.