Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды

0
2 275

Ұшу кезінде әуелайнері күтпеген жерден турбуленттілік аймағына тап болған.


Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды

ERNUR.KZ. Air Astana әуекомпаниясының өкілдері KC 128 рейсі турбуленттілік аймағына тап болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Компания мәліметінше, KC 128 рейсі Ташкент - Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша саған 14.35-те ұшып кеткен. Ұшу кезінде әуелайнері күтпеген жерден турбуленттілік аймағына тап болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақат алған.

Әуелайнері сағат 16.45-те Алматыға қонған. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар болған жайт туралы әуежай қызметкерлеріне хабарлаған. Әуежайда жолаушыларды жедел жәрдем көліктері күтіп алған.

Компания өкілдері бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізілетінін атап өтті.