Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биылғы аттестаттаудан босатылады

0
304

Төтенше жағдай жарияланған өңірлердің педагогтердің білімін бағалау министрлік белгілеген жекелеген мерзімде өтеді.


Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биылғы аттестаттаудан босатылады

Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттау келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

Төтенше жағдай жарияланған өңірлердің педагогтердің білімін бағалау министрлік белгілеген жекелеген мерзімде өтеді. Жалпы биыл жаңа ережелері бекітілді. Мәселен, биылдан бастап 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар мұғалімдер білімін бағалаудан босатылады. Бұдан бөлек "педагог-тағылымдамашы", "педагог" санаттары алынып тасталды. Ал педагог білімін бақылау қағидаларын бұзғандар бұрынғыдай бес емес, бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді. Педагог білімін бағалау нәтижесінің шекті деңгейлері де әртүрлі.

"Осы апталардың ішінде тест басталып қалады. Қағида шыққаннан бері тағы да біз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең жоғарғы "педагог-шебер" деген біліктілік санатымыз бар. Оған осы біздің Оқу-ағарту министрлігінде комиссия жұмыс істейді".ҚР Оқу-ағарту министрлігі комитет басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева

Аттестаттаудың жаңа қағидалары "Шебер ұстаз – табысты оқушы" ұстанымын алға тартып отыр. Енді мұғалімнің жетістіктері оның оқушыларының жетістіктерімен бағаланбақ.

"Мұғалімнің аттестациялануына балалардың жетістігі үлкен рөл атқарады. Оның барлығы мұғалімнің аттестациялануына жақсы көмектеседі және білікті арттыруға өз септігін тигізіп отырады".Қ. Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Бауыржан Айтуғанов

Тараптардың пікірін ескере отырып, биыл жаңа ережелерге 15 норма кіргізілді. Оны әзірлеуге 50-ден аса сарапшы қатысты. 2025 жылы арнайы ұлттық платформа енгізіледі. Оның негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылып, одан әрі жетілдіріледі.

"Олардың сабақ беруге уақытын үнемдеу, сабақ беруінің деңгейін көтеру. Бұл түптеп келгенде педагогтің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында жүргізіліп отыр".Әдістемелік орталықтың педагогтарды кәсіби дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Рамазанова

Биыл еліміз бойынша аттестаттаудан 150 мың педагог өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін педагог қызметінің барлық нәтижесі келер жылы іске қосылатын ұлттық платформада жинақталады.

Айта кету керек, өткен жылғы тест нәтижелері биылғы аттестаттаудан өту кезінде ескеріледі.