Тастанды сәби туралы полицияға хабарламаған медициналық ұйымдарға айыппұл салынады

0
1 481

Бұл Қазақстандағы бала саудасының алдын алу үшін жасалып отырған шара.


Тастанды сәби туралы полицияға хабарламаған медициналық ұйымдарға айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Енді елімізде тастанды сәби туралы полицияға хабарламаған медициналық ұйымдарға айыппұл салынады. Осылайша, құзырлы орган өкілдері Қазақстандағы бала саудасына тосқауыл қоймақ, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әрі медициналық мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейтпек. Жаңа өзгертулер Әкімшілік кодекске енгізіледі.

Оған сәйкес, аналары тастап кеткен сәбилер мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жасырып қалған медициналық ұйым мен балаларға арналған мекеме басшылары мен қызметкерлері айыппұл арқалайды. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 15 мың теңгеден асса, лауазымды тұлғаларға - 30 мың теңге көлемінде салынады. Егер осындай заң бұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанатын болса, онда айыппұл мөлшері үш еселенеді.