"Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!" флешмобы басталды - видео

0
921

Қорғаныс министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған эстафетаны Мемлекеттік күзет қызметіне табыстады.


Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қорғаныс министрлігі президент телерадиокешенімен бірлесіп "Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!" атты флешмоб бастады, деп жазады sputnik.kz

Видео азаматтық парызын өтеу үшін әскерге кетіп бара жатқан жігіттің бауырына үйге бас-көз болуды тапсырған сәтінен басталады. Кейін оның әскерде жүрген кезін көрсеткен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілермен кездесіп, әскерилердің тамағынан ауыз тигенін де көруге болады.

Екі минутқа жуық видеода "Атамекен" әні шырқалады.


Қорғаныс министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған эстафетаны Мемлекеттік күзет қызметіне табыстады.