Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап, ақша талап еткен

0
1 003

32 жастағы Тәжікстан азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға оның жерлесі арызданған.


Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап, ақша талап еткен

ERNUR.KZ. Алматыда Тәжікстан азаматын ұрлады деген күдіктілер ұсталды. Олар жәбірленушінің жерлестері болып шықты, деп деп жазады zakon.kz.

32 жастағы М.есімді Тәжікстан азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға оның жерлесі арызданған. Ер адамның айтуынша, М.есімді азамат 13 тамызда досымен кездесуге кетіп, қайтып оралмаған.

"Жедел тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 125-бабы (Адамды ұрлау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ең алдымен, М.есімді азаматты ұрлап кеткендігін, содан кейін біз оны қай жерде қамауда ұстағанын білдік. Жалға алынған пәтер Алматының Медеу ауданында орналасқан. Полиция арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шара жүргізілді. 20 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету үшін отандасын ұрлап кеткен Тәжікстанның алты азаматы ұсталды. Олар оны ұрып-соғып, бүкіл процессті видеоға түсірген", – дейді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Күдіктілер УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.