Тбилисидегі телемұнара Қазақстан туының түсіне боялды

0
1 199

Мтацминда тауында орналасқан телемұнара - қаладағы ең биік нүкте.


Тбилисидегі телемұнара Қазақстан туының түсіне боялды

ERNUR.KZ. Тбилисидегі телемұнара Қазақстанның Мемлекеттік туының түсіне боялды. Грузия осылайша елімізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауды ұйғарған, деп жазады Tengrinews.kz

Мтацминда тауында орналасқан телемұнара - қаладағы ең биік нүкте. Мерекеге орай ол аспан көк және сары түске боялған. Грузия астанасы тұрғындары мен қонақтары осындай көріністі тамашалады.


Сербия астанасындағы басты көрікті жерлер - Ұлттық жиналыс үйінің үлкен күмбезі, Албания сарайы мен көпірлер Қазақстан Туының түсіне боялды.

Қазақстан елшілігінің қолдауымен Белград елді Тәуелсіздік мерейтойымен, сондай-ақ, Сербия мен Қазақстан арасындағы қатынастың 25 жылдығымен құттықтады.