«Тегеран қақпасының» алдында билеген қалыңдық пен күйеу жігіт 10 жылға сотталды

0
584

Олардың романтикалық биі түсірілген бейнежазба миллиондаған қаралымға ие болған.


«Тегеран қақпасының» алдында билеген қалыңдық пен күйеу жігіт 10 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Иранда 21 жастағы қалыңдық пен 22 жастағы күйеу жігіт Иран астанасының «Тегеран қақпасы» деп аталатын символы Азади мұнарасының жанында билеп, әлеуметтік желіге жүктегені үшін он жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

BBC хабарлауынша, Астиаж Хагиги мен Амир Мұхаммед Ахмади «ыдырау мен қоғамдық жезөкшелікті ынталандыруда» және «ұттық қауіпсіздікті бұзуда» кінәлі деп танылды.

Олардың романтикалық биі бар бейне Instagram-да жарияланып, миллиондаған қаралымға ие болған. Хакики мен Ахмади – елдегі танымал блогерлер, олардың аккаунтына көп адам жазылған.

Соңғы айларда Иран билігі әйелдер құқығын қолдайтын науқанға қатысқан адамдарды қудалауды жалғастырып келеді.

Жаппай қарсылық өткен қыркүйекте 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін басталған еді. Оны полиция хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстап, ақыры Махса Амини полиция бөлімінде қайтыс болды. Махсаның туыстары мен куәгерлер оны ұрып-соққан деп мәлімдейді.

Көпшіліктің діни қысымға қарсы шығуының себебі Аминидің өлімі болғанымен, олар әйелдер құқығын қорғап қана қоймай, саяси талаптар да қойған. Иранның көптеген тұрғыны кедейлікке, жұмыссыздыққа, сыбайлас жемқорлыққа және сот төрелігінің жоқтығына өте наразы.

Ал билегені үшін сотталған Астиаж Хагиги мен Амир Мұхаммед Ахмади ешкімді ешқандай саяси шеруге шақырмаған. Олар бұл би ролигін Аминиді қолдайтын демонстрациялармен байланыстырмаған.

Иранда елдегі әйелдерге көпшілік алдында, әсіресе ер адаммен билеуге тыйым салынған.