Текелі қаласында сел жүріп, қыз бала жоғалып кетті

0
672

Алматы облысында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды.


Текелі қаласында сел жүріп, қыз бала жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кеткен. Әзірге кішкентай қыз туралы нақты ақпарат жоқ, деп жазады exk.kz.

Текелідегі селдің қатты болғаны сонша, лай су қала көшелері мен үйлерді бүлдірген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Текелі әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, селдің салдарынан кішкентай қыз жоғалып кеткен.


Әзірге оның өміріне қатысты нақты ақпарат жоқ. Қала тұрғындары төтенше жағдайдың видеоларымен желіде бөлісіп жатыр. Селден қандай шығын келгені әзірге белгісіз.