Tele2 ең жылдам интернет үшін халықаралық Ookla® марапатын тағы да жеңіп алды

0
274

Ookla® - мобильді және кеңжолақты желіге интеллектуалды сараптама жүргізу, солармен байланысты қосымшалар мен технологияларды тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшы.


Tele2 ең жылдам интернет үшін халықаралық Ookla® марапатын тағы да жеңіп алды

ERNUR.KZ. Tele2 операторы Speedtest® сервисі қолданушыларының тесті нәтижесінде "Ең жылдам мобильді интернет желісі" номинациясын жеңіп алды. Осылайша өзінің көшбасшылық позициясын тағы да дәлелдеді. Халықаралық марапат 2022 жылдың бірінші жартысында Қазақстан аумағында жүргізілген есептеулер нәтижесінде берілді, деп жазады stan.kz.

Еске салайық, Tele2 2020 жылды Қазақстандағы "Ең жылдам мобильді интернет", "Ең үздік қамту" және "Ең үздік мобилді желі" номинацияларында жеңімпаз ретінде қорытындылады. Ал 2021 жылы Ookla® компаниясының "Ең үздік мобильді желі" мен "Ең үздік қамту" номинацияларын иеленіп, өзінің жоғарғы позициясын тағы да нақтылады.

"Әр жылы марапат алу компанияның желіні дамытуға, инфрақұрылымды құруға және қолдауға, ірі қалалар мен "250+" бағдарламасы аясында интернетке қосылған шалғай елді мекендердегі интернет жылдамдығын жақсарту үшін жасаған жұмысының дұрыс екенін көрсетеді. Соңғы жылдағы мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы атану бұл бағытта әрі қарай да дамуға ынталандыру ғана емес, интернеті жылдам оператор атағын сақтап қалуға ұран тастау деп білеміз", – деді Tele2 бас директоры Сергей Коньков.

"Қазақтелеком" компаниялар тобының құрамына енетін Tele2 Қазақстан мобильді операторы интернет жылдамдығындағы тұрақтылығымен ғана мақтанбайды. Оператор үнемі елдің телеком-нарығына жаңа технологияларды енгізеді. Қазақстанда HD форматында аудиоқоңырау жасауға мүмкіндік беретін VoLTE (Voice over LTE) технологиясын іске қосқан да осы оператор. Сонымен қатар IPv6 технологиясын іске қосып, тестілік 5G тұтынушылық зоналарын құрды. Бұдан бөлек компания абоненттерге жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын бірқатар digital-инновацияларды енгізуге дайындалып жатыр.

Tele2 операторының жетістігін мойындаған Ookla® компаниясының өкілдері бұл марапаттың артында ерен еңбек пен басқарудың тиімді әдістері тұрғанын атап өтті.

"Ookla® компаниясы табыстайтын Speedtest Awards – әлем бойынша ең жылдам және тиімді операторларға арналған элиталы марапат. Біз Tele2-ге Қазақстандағы ең жылдам мобильді желі үшін марапат табыстағанымызға қуаныштымыз. Бұл – 2022 жылдың I-II тоқсанындағы Ookla компаниясының мұқият талдауы және Speedtest қосымшасы арқылы тұтынушылар бастаған сынақтар негізіндегі сапасының дәлелі", – деді Ookla® СЕО Даг Саттлс.

Ookla® - мобильді және кеңжолақты желіге интеллектуалды сараптама жүргізу, солармен байланысты қосымшалар мен технологияларды тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшы. Speedtest® - желіні тестілеу үшін жұмыс істейтін Ookla®-ның флагмандық платформасы. Ол күн сайын әлемдегі желінің сапасы мен өнімділігінің жүздеген миллион өлшемін өңдейді. Ookla® тауар белгісі лицензия бойынша қолданылады және рұқсатпен көшіріп басылады.