Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан интернеттегі ақау неден болғанын айтты

0
513

Қазақстандықтар интернет жұмысындағы ақауларға шағымданған.


Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан интернеттегі ақау неден болғанын айтты

ERNUR.KZ. Beeline, Tele2, Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

“Проблема барлық операторлардың желілерінде орын алды, ал операторлардың желілері қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл жаһандық деңгейдегі мәселе және операторлар тарапынан туындаған жоқ”, - деп хабарлады Tele2 баспасөз қызметі.

Beeline, Kcell баспасөз қызметтері де барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын мәлімдеді.

Ақпаратта айтылғандай, Интернеттегі ақауларға қатысты Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен қалалары мен Павлодар облыстарының бірқатар тұрғыны шағымданған.