​Телефон мен интернет тарифтері арзандайды

0
3 318

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірақатар қызметтердің тарифтері арзандайды.


​Телефон мен интернет тарифтері арзандайды

ERNUR.KZ. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірақатар қызметтердің тарифтері арзандайды: электр қуаты, жылу, су, газ, кәріз, телефон және интернет. Сондай-ақ, ПИК (КСК) тарифтері де қаралатын болды, деп жазады Алтайньюс.

Осы орайда еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев төмендегідей тапсырмалар беріп отыр:

  1. Тарифтерді көтерген монополистрді заңды түрде жауапқа тартуды қамтамасыз ету. Тексеру жұмыстары ашық болуға тиіс. Монополистердің жұмысы қоғамдық бақылауға алынады.
  2. Монополияға қарсы комитеттің жұмысын реттеу.
  3. 1 желтоқсанға дейін тарифтерді төмендету бойынша қадамдық жоспар әзірлеу. Ұлттық экономика және энергетика министрлігі монополистердің инвестициялық жауапкершілікті орындауы, тарифтерді төмендетуі, қымбат тарифтерді адамдарға өтеп беру бойынша шаралар туралы халық алдында есеп беруге міндетті.
  4. Республикада ТҮКШ-на мониторинг жасау бойынша республикалық жүйе құру, коммуналдық тарифтер бойынша жедел желіні іске қосу.
  5. Бейінді мекемелер мен әкімдіктер алғашқы қажеттіліке жататын тауарлардың , дәрі-дәрмектің, көмір мен газдың бағасын ерекше бақылауға алуға тиіс.
  6. Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, білім алу, медицина және дәрі-дәрмек бағасын төмендету мәселелерін талқылауға тиіс.