Telegram бот арқылы 42 500 теңгені қалай алуға болады - арнайы нұсқаулық

3
620

Telegram бот 2 сәуірден бастап іске қосылды.


Telegram бот арқылы 42 500 теңгені қалай алуға болады - арнайы нұсқаулық

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың Telegram бот арқылы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемақыны алудың нұсқаулығы жасалды, деп жазады zakon.kz.

Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқаны үшін МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемақы алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Telegram-да "EgovKzBot2.0" ботына өтіңіз

2. "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлемі" қызметін таңдаңыз

3. Өтініш толтыруға арналған жердегі қажетті деректерді толтырып, жазыңыз (жеке бас деректеріңіз)

4. Өтініш "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, бір күн ішінде деректерді салыстырып тексеруден өткізеді (бірыңғай төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді)

5. Одан кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ-ның "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне өтініш келіп түсіп, 1 күнге өңдеуге алынады

6. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ өтінішті төлемақыны тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға жібереді

7. Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жолданады.

Төлем өтініш қалдырушының екінші деңгейдегі банктегі шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Telegram бот 2 сәуірден бастап іске қосылды.

3 ПІКІР

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет