Telegram-да бейне хабарламада айтылған сөзді мәтінге түрлендіру қызметі пайда болды

0
336

"Код Дурова" сайтының жазуынша, бұл қызмет тек Premium-пайдаланушыларға қолжетімді.


Telegram-да бейне хабарламада айтылған сөзді мәтінге түрлендіру қызметі пайда болды

ERNUR.KZ. Telegram қолданушылары енді бейне хабарламада айтылған сөзді мәтінге айналдыра алады, деп жазады zakon.kz.

"Код Дурова" сайтының жазуынша, бұл қызмет тек Premium-пайдаланушыларға қолжетімді.

Бұл функция дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдырғандай жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 200 немесе одан көп адам тіркелген топтардың әкімшілері енді тақырыптар бойынша талқылаулар ұйымдастыра алады. Функция белгілі бір тақырыпты талқылау үшін негізгі топ ішінде бөлек чаттар жасауға мүмкіндік береді.