​Темекі өнеркәсібінің қарқынына қарамастан темекі тұтыну төмендеуде

0
435

Елімізде 2,9 миллион ересек темекі тұтынушы бар.


​Темекі өнеркәсібінің қарқынына қарамастан темекі тұтыну төмендеуде

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) темекі саласындағы үрдістер туралы 2024 жылғы 16 қаңтарда жарияланған баяндамасында мазмұндалған соңғы бағалау деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2,9 миллион ересек темекі тұтынушы бар деп есептеледі.

2022 жылғы үрдістер бүкіл әлемде темекі тұтыну көрсеткіштерінің төмендеу екпіні жалғасуда екенін айғақтайды. Бүкіл әлемде, 2000 жылғы 3 адамның 1-мен салыстырғанда, 5 ересектің шамамен 1-і шылым шегеді.
Есеп 150 елдің темекі тұтынуды сәтті қысқартқанын көрсетеді. Бразилия мен Нидерланды MPOWER темекіге қарсы күресу шараларын ендіруден кейін табыстарға қол жеткізуде, осы орайда Бразилия 2010 жылдан бастап 35% салыстырмалы қысқартуға қол жеткізді, ал Нидерланды 30% нысаналы көрсеткішке жетуге жақын. Қазақстан Республикасында 2019 жылы Тұрғылықты халықтың ересек бөлігіне өткізілген жаһандық сауалнама (GATS) деректері бойынша 2014 жылдан бастап темекі тұтынудың 9% салыстырмалы қысқаруы болған.
«Қазақстан Республикасында темекіге қарсы күресуде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Бірақ, ерлер арасында темекі тұтынудың 2014-2019 жж, аралығындағы кезеңде 43,4%-дан 38,3% дейін төмендегеніне қарамастан, әйелдер арасында шылым шегудің 4,5%-дан 6,4% дейін артуы аталды. Қазіргі уақытта, әсіресе, жастар арасында вейптерді қоса, құрамында никотин бар өнімдерді тұтынудың таралуы салмақты мазасыздық тудырып отыр», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының (ҰҚДО) басқарма төрағасының орынбасары Жанар Қалмақова.
ДДСҰ қолдауымен 2022 жылы ҰҚДО Қазақстандағы мектеп оқушылары арасында өткізген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) ұлттық сауалнамасы электронды темекілерді ең болмаса бір рет тартып көрген 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер үлесінің 9,8% (ұл балалар 11,3% және қыз балалар 8,2%) құрағанын көрсетті. Бұл көрсеткіштер ер балалар арасында да, қыз балалар арасында да жас өсуімен бірге едәуір артып отыр. Өскелең ұрпақты қорғау және темекі тартудың таралуын төмендету үшін ағымдағы жылы ДДСҰ балаларды темекі өнеркәсібінің ықпалынан қорғау үшін күнтізбеде Дүниежүзілік темекісіз күнді арнайы белгіледі.
Есепте 2030 жылға қарай ДДСҰ Еуропалық өңірінде, болжамдар бойынша, әлемде 23%-дан сәл көп таралыммен темекі тұтынудың ең жоғары көрсеткіштері болатыны көрсетілген. ДДСҰ Еуропалық өңірінде әйелдер арасында темекі тарту көрсеткіштері орташа әлемдік көрсеткіштен екі еседен көп асып кетеді және басқа өңірлердің бәріне қарағанда мейлінше баяу төмендейді.
ДДСҰ темекі тартумен күресу саясатын және стратегияларын күшейтуге, әрі темекі өнеркәсібінің араласуына қарсылықты жалғастыруға тегеурінді үндейді. Алда атқаратын қыруар шаруа бар. STOP бастамасымен және Жаһандық темекіге қарсы күресу саласын тиісті басқару орталығы жариялаған «Жаһандық темекі өнеркәсібінің араласу индексі 2023» бүкіл әлемде денсаулық сақтау саясатын темекі өнеркәсібінің өсу үстіндегі араласуынан қорғауға жұмсалатын күштің әлсіреп кеткенін көрсетеді.
Келесі айда елдердің Панамада Темекіге қарсы күресу жөніндегі ДДСҰ Шектік конвенциясы (ТҚШК) тараптары Мәслихатының 10-шы сессиясына жиналатынын атап өтеміз, онда темекі өнеркәсібі елдердің өз халқының денсаулығын қорғау құқығына нұқсан келтірумен табиғи сипатта қаржылық көтермелеу және жеңілдіктер ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы жаһандық саясатқа ықпал етуге әрекеттенбек. ДДСҰ ТҚШК ұстанымын нығайту Тұрақты даму мақсаттарында межеленген жаһандық денсаулық сақтаудың басым мүддесі болып табылады. ДДСҰ темекі өнеркәсібімен бетпе-бет ғылыми негізделген темекіге қарсы күресу шараларын өрістету ісінде елдерге қолдау көрсетуге дайын.