Темекі тұқылы адам өліміне себепкер болды

0
2 104

Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің айтуынша, өрт жалпы алты шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 54 жастағы ер адамның денесі табылды.


Темекі тұқылы адам өліміне себепкер болды

Павлодарда тоғыз қабатты үйдің ұстаханасынан өрт шықты,-деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің айтуынша, өрт жалпы алты шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 54 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына шылым себеп болған. Салдарынан қауіпсіздік мақсатында сыртқа 20 адам шығарылды. Оның жетеуі балалар.

Тілсіз жауды құрықтауға жеке құрамнан 17 адам мен 6 техника, тергеуге дейінгі жедел топтан 3 адам және 2 техника жұмылдырылған. Өрт таңғы сағат 05:52 де ауыздықталып, сағат 06:13 те толығымен сөндірілді.