Теміртауда 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

0
190

Полицияға жоғалған қыз туралы оның анасы хабарлаған.


Теміртауда 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

ERNUR.KZ. Алмагүл Есімқұлова 24 маусым күні түнде жоғалып кеткен. Үйден қыдыруға шыққан бойжеткен сол бойы қайта оралмаған, деп жазады kaz.nur.kz.

Полицияға жоғалған қыз туралы оның анасы хабарлаған. Әйел Теміртау қаласы ПБ ескі қалалық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шағымданған.

"Іздеу салынған қыздың белгілері: Бойы 150-155 сантиметр, көздері қоңыр, шаштары қысқа әрі қара, арқасына дейін. Ерекше белгілері: Сол аяғының тізесінде тыртық бар, жүргенде бүкірейеді. Ол көлденең бағыттағы қою көк түсті сызықтары бар сұр кеудеше, ашық көк түсті джинсы мен қара түсті аяқ киімде болған", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткеннің қазір қайда екенін білетін азаматтар болса кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласа алады.

8-702-933-19-92, 8-7213-44-43-07 немесе 102.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет