Теміртауда 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ әшкере болды

0
406

Осы мақсатта 8 жалған фирма ашылған.


Теміртауда 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ әшкере болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мүшелері үш жыл ішінде 2 миллиард теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп жазады Tengrinews.kz.

"6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртауда жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен.
Осы мақсатта 8 жалған фирма ашылған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынғаны мәлім.