​Теміртауда 90 отбасы баспаналы болды

0
1 037

Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды


​Теміртауда 90 отбасы баспаналы болды

ERNUR.KZ. Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды, деп жазады «Хабар 24».

Жалдамалы пәтерлер бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, жетім балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлестірілді. Бұл – соңғы бес жылда құрышты қалада салынып отырған алғашқы үй. Жергілікті билік өкілдері қаңырап бос қалған ғимаратты «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз уақытта қалпына келтіріп, мұқтаж жандардың қажетіне жаратты. Дей тұрғанмен, шаһарда үй кезегінде тұрған әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Сондықтан биыл мұнда тағы екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.

Жаңыл Алданышқызы, Теміртау қаласының тұрғыны:

Үй кезегінде 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап тұрдым. 10 жыл күттік. Осы күнге дейін үй жалдап тұрдық. Қуаныштымыз.