Теміртауда ашулы әке ұлына пышақ сұғып алды

0
647

Өзара жанжал кезінде 68 жастағы әкесі 35 жастағы ұлын пышақтады.


Теміртауда ашулы әке ұлына пышақ сұғып алды

ERNUR.KZ. Теміртауда өзара жанжал кезінде әкесі ұлын өлтіріп алды, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 29 тамызда орын алды.

"Өзара жанжал кезінде 68 жастағы әкесі 35 жастағы ұлын пышақтады. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.