Теміртауда бірнеше еркек әйелді жабылып ұрып тастаған (видео)

0
441

Кадрларда оны автобустан қалай итеріп жібергені, содан кейін көшеде қалай ұрып-соққаны көрсетілген.


Теміртауда бірнеше еркек әйелді жабылып ұрып тастаған (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде бірнеше ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті түсірілген видео таралды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видео Instagram желісінде жарияланды. Кадрлардан зардап шеккен әйелдің автобус жолаушысы екенін көруге болады. Кадрларда оны автобустан қалай итеріп жібергені, содан кейін көшеде қалай ұрып-соққаны көрсетілген. Әйел жерге құлап, бетін қолымен жабуға тырысқан.

Бұл туралы Қарағанды облысы ДП баспасөз қызметінде түсініктеме берілді. Департамент жанжалдың егжей-тегжейін айтты. Шынында да, зардап шеккен әйел - Қарағанды-Теміртау қалааралық автобусы жолаушысы екен. Ол Қарағандыдағы "Кеншілер мәдениет сарайы" аялдамасында автобусқа отырған.

"Бұл оқиға 28 қыркүйекте Теміртаудағы "Кооператор" аялдамасында болды. Автобус жүргізушісі мен кондукторы анықталды. Кондуктордың айтуынша, сағат 16.30 шамасында "Д.К. шахтерлер" аялдамасында әйел автобусқа мас күйде отырған. Ол өзін әдепсіз ұстап, ұятсыз сөздер айтып, жолақысын төлеуден бас тартты. Теміртауға жеткесін, "Кооператор" аялдамасында кондуктор мен жолаушылар әйелді көліктен түсірді. Содан кейін белгісіз біреу дене жарақатын салған", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықталып, жәбірленуші мен қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.