Теміртауда мас жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті

0
356

31 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі болмаған.


Теміртауда мас жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті

ERNUR.KZ. Теміртауда мас жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті. Ер адам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 11 ақпан түнгі сағат 00.35 шамасында болған. Теміртау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бейбітшілік даңғылының бойында автокөлікті тоқтатқан. 31 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі болмаған.
Әңгіме барысында тәртіп сақшылары ішімдік иісін сезіп, жүргізушіден көліктен түсуін талап етеді. Алайда сол мезетте жүргізуші көліктің есігін жаппай, оқиға орнынан қашпақшы болған. Полицей көлік салонына мініп үлгерген, бірақ аяғы сыртта қалып қойған. Жүргізуші оны 200 метрге сүйреп әкетіп, тоқтаған.

Полиция қызметкерлері ер адамды наркология орталығына жеткізді. Ол орташа дәрежеде мас болғаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608, 613 және 667-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.
Сот шешімімен 31 жастағы азамат құқық бұзғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.