Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды

0
684


Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.




“Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым,- деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

ТЖ режимі аясында ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданатыны да нақтыланады.