Теміртауда үстіне темір қақпа құлаған баланың жағдайы күрт нашарлап кетті

0
521

Баланың шекесінен бастап желке тұсына дейінгі бас-сүйегі жарылып, Мақажанов клиникасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.


Теміртауда үстіне темір қақпа құлаған баланың жағдайы күрт нашарлап кетті

ERNUR.KZ. Теміртаудағы балабақшаның темір қақпасы астында жаншылып қалған баланың есту және көру қабілеті нашарлап кетті, деп жазады zakon.kz.

"13 жасар бала алған жарақаттарынан емделіп жатыр, бірақ есту мен көру қабілеті нашарлай бастапты. Одан бөлек, беттің сол жақ жартысы тартып, неврит пайда болды. Жарақат алған Дима дәрігерлердің ұдайы қадағалауында", деп хабарлайды Патриот Telegram-парақшасында.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Тергеуші сот-медициналық сараптама тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Теміртау қаласының 8-ші шағын аудандағы "Таңшолпан" балабақшасының темір қақпасының бір бөлігі Дмитрийдің үстіне құлаған, ол інісін жаттығуға ертіп, келе жатқан. Баланың шекесінен бастап желке тұсына дейінгі бас-сүйегі жарылып, Мақажанов клиникасының жансақтау бөліміне жатқызылды.