Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

0
409

Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.


Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Теміртау қаласында жолдың белгіленбеген бөлігінен өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. polisia.kz.

"Оқиға кеше, 21 сәуір күні 21:25 шамасында болған. Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын бөлігінен жолды қиып өткен жолаушыны көлік қағып кетті. Hyundai Cret маркалы автокөлікті 20 жастағы ер адам жүргізген", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар белгіленді. Сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.