Теміржолдағы дыбыстарға билеген жігіттің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті

0
989

Жігіт видеодан соң жұмыстан шығып кете жаздаған.


Теміржолдағы дыбыстарға билеген жігіттің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті

ERNUR.KZ. Желіде теміржолдағы дыбыстарға билеп жатқан жігіттің видеосы тарап кетті. Видеодағы жігіт осы видео туралы айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.


23 жастағы Жасұлан Тұрсын Семейдегі ҚТЖ-ның бірінші разъезінде жұмыс істейді. Аягөз тумасы, балалық шағы теміржол аумағында өткен.

"Негізі бұл ролик көктемде түсірілген, сәуір айында. Оны "Туысқандар" тобына жібердім. Екі айдан соң бұл видео Интернетті жарды. Әкем тіпті маған көлік әперді", - дейді видеодағы жігіт.

Сондай-ақ, Жасұланның бұл видеодан соң басшылықтан ескерту алғаны және жұмыстан шығып кете жаздағаны белгілі болды.