​Теміржолдардан қарды тазалау тәулік бойы жүргізілуде

0
1 410

23-30 қараша аралығында 1300 шақырым теміржолдың қары күрелді


​Теміржолдардан қарды тазалау тәулік бойы жүргізілуде

ERNUR.KZ. 23-30 қараша аралығында 1300 шақырым теміржолдың қары күрелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан темір жолының Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы магистралдық желісіне теміржолдарды қардан тазартуға арналған техникалардың барлық түрі, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарының қарын күреуге 9300 теміржолшы жұмылдырылды.

«Бір аптада 1300 км теміржолдың қары күреліп, 12 мың текше метрден астам қар тасып шығарылды. Жолдарды тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, өңірлік бөлімшелердің жұмысшылары пойыздардың тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етуге барын салып отыр.