​Теміржолшылардың жалған диплом пайдаланғандары анықталды

0
2 939

Атырау көлік прокуратурасы теміржол көлігі жұмысшыларымен жалған диплом пайдаланудың 18 фактісін анықтады


​Теміржолшылардың жалған диплом пайдаланғандары анықталды

сурет:twitter.com

Атырау көлік прокуратурасы теміржол көлігі жұмысшыларымен жалған диплом пайдаланудың 18 фактісін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация Академиясын бітіргені туралы құжаттар «теміржолшылармен» жұмысқа орналасу және қызметтен ауысу кезінде қолданылған.

Олардың арасында тасымалдау процесін ұйымдастыруға және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлім басшылары да бар.

Кейбіреулері теміржол локомотивін басқарған, желіні жөндеген, күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған.

Жалған диплом пайдаланған тұлғалардың қызметтері төмендетіліп, өзге жұмыстарға ауыстырылды.