Тендерге "қатысатын" компанияның қаржы пирамидасы екені анықталды

0
416

"Qozgan inc." ЖШС 100-ден астам адамды тартып үлгерген.


Тендерге

ERNUR.KZ. Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар адамдарды тендерлік жобаларға ақша салуға үгіттеген. 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болады деп сендірген. Сондай-ақ, өзімен бірге басқа салымшыларды алып келгендер 5 пайыз алатыны туралы жалған шарттар жасалған, деп жазады inbusiness.kz.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

"Қазіргі уақытта "Qozgan Inc." компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 2 айға дейін "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне басқа тұлғалардың қатыстылығы анықталуда",- деп жазылған агенттік хабарламасында