Теңгедегі депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды

0
464

​Қазақстандықтардың ұлттық валютадағы депозиттерінің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды.


Теңгедегі депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамту жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдаған, деп жазады 24.kz.

11 қаңтардан бастап ең жоғары проценттік мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 процентке өспек. Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1 процент деңгейінде болмақ. Бұл шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюталық нарықтағы спекуляцияның алдын алмақ.