​Теңгенің 25 жылдығына орай Ұлттық банк деректі фильм ұсынды (видео)

0
1 599

«Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ «KazakhTV» телеарнасында орыс тілінде 21:20-да қараңыздар.

​Теңгенің 25 жылдығына орай Ұлттық банк деректі фильм ұсынды (видео)

сурет:m.news.yandex.kz

Қазақстан ұлттық валютасы – Теңгенің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Сіздердің назарларыңызға «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Ұлттық Банкінің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады.