Теңіз кен орнындағы наразылыққа байланысты арнайы комиссия құрылды

0
1 366

Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.


Теңіз кен орнындағы наразылыққа байланысты арнайы комиссия құрылды

ERNUR.KZ. Атырауда Теңіз кен орнындағы жұмысшылар бір реттік сыйақыға қатысты түсінік беруді талап етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«11 желтоқсанда сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті. Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды», - делінген Атырау облыстық әкімдігі таратқан хабарламада.
Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.