Теңіз портындағы жарылыстар ақтаулықтарды шошытты

0
453

Жалын биіктігі 5-7 метрге жеткен.


Теңіз портындағы жарылыстар ақтаулықтарды шошытты

ERNUR.KZ. "Достар" жағажайында демалушылар 24 тамызда сағат 15:00 шамасында Теңіз порты маңында бірнеше жарылыс болғанын айтты. Жалын биіктігі 5-7 метрге жеткен, деп жазады sputnik.kz.

Ақтау теңіз портының баспасөз орталығы терминал аумағында жарылыстар болғанын растады, деп жазады Lada.kz.

Олар "Каспий-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аясында болды.

Ақпан айында ақтаулықтар химиялық иіске шағымданған болатын. Тексеріс нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссия нормативтері асып кеткені анықталды. Экологиялық талаптар сақталмаған.