Теңіздегі төбелес бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

0
262

Бірқатар күдікті бар, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Теңіздегі төбелес бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі жағдайға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Дене жарақатын салу мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды" – деді ол.

Оның сөзінше, әрбір қылмыс құрамы бойынша нақты қатысушылар бар.

"Бір күдікті ұсталды, тағы бірнеше адам күдіктілер тізімінде бар. Әрқайсысының жауапкершілігі қатысуына байланысты анықталады" – деп нақтылады министр.

– Қанша адам жауапқа тартылады?

– Нақты қанша адам екенін әзірге айта алмаймын. Тергеу аяқталған соң айтамын.

– Теңізде полицейлердің араласуымен шетелдіктерді әкетіп жатқан видео жүр. Ол рас па?

– Ешкімді әлі әкеткен жоқ, олар жұмыс істеп жатыр.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет