​Терактіден Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттер зардап шекпеген

0
648


​Терактіден Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттер зардап шекпеген

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәскеуде мемлекеттік бағдарламалар бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің барлығы қауіпсіз екенін, "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған терактіден ешкім зардап шекпегенін айтты.

"Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша қазір 32 қазақстандық білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Стипендиаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шығып, аман екендерін айтты", - деп жазды Саясат Нұрбек Telegram парақшасында.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне "Крокус Сити Холл"-да болған терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат түспегені хабарланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті президент Владимир Путинге теракт құрбандарының көп болуына байланысты көңіл айтты.