Террорлық әрекет жасауға дайындалған астаналық тұрғын 15 жылға сотталды

0
389

Сот шешімі заңды күшіне енді.


Террорлық әрекет жасауға дайындалған астаналық тұрғын 15 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Елорда тұрғыны «Ш»-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді. Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.