"Тік ішегін жыртып жіберген": Алматы облысында 60 жастағы ер адам жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді

0
1 690

Қазір бала ауруханада жатыр.


ERNUR.KZ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында 60 жастағы еркек 7 жастағы ұлды зорлап, тік ішегін жыртып жіберді деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Қазір бала ауруханада жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін де зорлық-зомбылық әрекеті болған, бірақ жергілікті тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған.

Полицияның хабарлауынша, 60 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 121 бабының (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері”) 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары бойынша полиция қызметкерлері 1963 жылғы М. есімді күдікті азаматты анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық тергеуде оның толықтылығын, жан-жақтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалуда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабы (“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу”) шеңберінде жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.