TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды

0
471

Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған.


TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды

ERNUR.KZ. Қысқа видеолар жариялауға мүмкіндік беретін TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған. TikTok қосымшасында интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Тіл баптауларын өзгерту үшін мына қадамдарды орындау қажет:

1. Төменгі оң жақ бұрыштағы "Профиль" түймесін басыңыз.

2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш жол белгішесін түртіңіз.

3. "Параметрлер және құпиялылық" түймесін басыңыз.

4. "Қолданба тілі" түймесін түртіңіз.

5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.

Айта кетейік, TikTok - қысқа видеолар жариялауға арналған қосымша. Компания өкілдері бұған дейін де платформада қандай контент жариялауға болатынын және неге тыйым салынатынын түсіндіретін TikTok қауымдастығының қазақ тіліндегі ережелерін ұсынған болатын.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар арасында TikTok желісіндегі видеоларды көріп, күн сайын 20-50 мың теңгеге дейін ақша табуға болатыны туралы ақпарат тарап жатқаны хабарланған еді.