TikTok-тағы үздік мұғалімдер анықталды

0
465

Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен TikTok өкілдері құттықтады.


TikTok-тағы үздік мұғалімдер анықталды

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы ҚазақстанМұғалімдері байқауының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті, деп жазады inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады.

Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен TikTok өкілдері құттықтады.

"Жетекші TikTok платформасының өкілдері ұстаздарымыздың бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастырып жатқаны қуантады. Бұл - Tiktok платформасында білім беру мазмұнын бірлесіп ілгерілетуге қосымша ынталандыру", - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Мұғалімдерге бағалы сыйлықтарды, атап айтқанда, iPhone 13 Pro Max смартфондарын, сондай-ақ контент авторы ретінде одан әрі дамып, жаңа табыстарға жетуге көмектесетін таланттарды дамыту бағдарламасына шақыруды табыс етті.