Тікұшақ апатынан аман қалған адам жағдай қалай болғанын айтып берді

0
489

Ол Ми-8 қатты қонғанда тікұшақтың артқы жағында болған


Тікұшақ апатынан аман қалған адам жағдай қалай болғанын айтып берді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатынан аман қалған Сергей Щеглов әуе аппараты қалай ұшқанын айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Сергей Щеглов – «Қазавиапас» компаниясының жетекші инженері, радио және электр құрылғылары бойынша қызмет көрсетеді.

Ол Ми-8 қатты қонғанда тікұшақтың артқы жағында болған.

"Тікұшақтың бәрі бүлінді, дымы қалмаған, жартысы жоқ. Редуктор - ең қарапайым, маңыздысы бір жерге ұшып кетті. Шынымен бәрі жақсы болған, үш сағатқа жуық ұштық. Ауа райы да ыңғайлы болып тұрған. Мен жай ғана артта конспект оқып отырдым. Бір кезде қарасам, жерде отырмын. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды", - дейді Сергей Щеглов.

Сергей Щегловтың еңбек өтілі – 43 жыл. Оның айтуынша, тікұшақ өте жақсы, іс жүзінде жаңа.

"Тікұшақ өте сапалы... Ол барлығы 250 сағат қана ұшқан. Бұл айтарлықтай аз, былайша айтқанда әлі жап-жаңа. Онда барлығы қарастырылған. Неліктен бұлай болғаны түсініксіз", - деді Сергей Щеглов.