​ Тікұшақ апатынан қаза болғандардың балаларына жәрдемақы төленеді

0
420

Тікұшақ Атырау–Орал–Атырау бағыты бойынша ұшқан болатын.


​ Тікұшақ апатынан қаза болғандардың балаларына жәрдемақы төленеді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай министрлігі БҚО-да орын алған әуе апаты туралы брифинг өткізді, деп жазады baq.kz.

23 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:48-де дағдарыс жағдайларында басқару орталығына Орал қаласынан 54 км қашықтықта БҚО Бәйтерек ауданы, Чапурина кентінің ашық аумағында Ми-8 тікұшағы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиа» құтқару тікұшағы қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат келіп түсті, – деді министрлік өкілі.

Тікұшақ Атырау–Орал–Атырау бағыты бойынша ұшқан болатын. Сағат 10.40-та «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша Атыраудан ұшып шықты. Бортта 6 адам, 5 экипаж мүшесі мен «ҚазТрансОйлдың» бір өкілі болды.

Қайғылы оқиға орын алғаны туралы хабарлама түскеннен кейін БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Рашид Біләлов 23 құтқарушы мен 8 техникадан тұратын топты басқарып оқиға орнына барды. Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем ауруханасының 15 дәрігері және құқық қорғау органдарының өкілдері де оқиға орнына барған.

Сағат 19.07-де оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен қаза тапқандардың 4 денесі табылды. Әуе кемесінің командирі Дәулетбай Қанатов, Екінші ұшқыш Владимир Офанасьев, борт механигі Съезбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев, – деді министрлік өкілі.

Қазавиа құтқару инженері Сергей Щеглов пен Қазтрансойл өкілі ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы орташа екені белгілі болды.

Айта кетейік, Ми-8 тікұшағы әуеде 250 сағат ұшқан, 2023 жылы 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімдік техникалық қызмет көрсетуден өткен. Министрлікте 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі техникалық жөндеуден өтуі керек болатынын, ақау мен ескерту болмағанын айтады.