Тимур Бекмамбетов ауыр дертке шалдықты

0
1 175

Режиссерге ем тағайындалған және ол терапиядан өтуде.


Тимур Бекмамбетов ауыр дертке шалдықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың ауыр дерті анықталды, деп жазады 7kun.kz.

Басылымның ақпараты бойынша, режиссер Мәскеу ауруханасына барып, тексеруден өтті. Хабарламада бұрын Бекмамбетовтің қалқаншабезін алып тастағанын жазды.

Қазіргі уақытта, режиссерге ем тағайындалған және ол терапиядан өтуде. Бекмамбетовтың диагнозы туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, Тимур Бекмамбетов — «Ночной Дозор» және «Дневной Дозор» фильмдерінің режиссері. Сондай-ақ ол бірнеше голливудтық картиналарды, атап айтқанда «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» және «Особо Опасен» түсірді.