Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» төрағалығынан босатылды

0
415

Оның орнына Мағзұм Мырзағалиев сайланды.


Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» төрағалығынан босатылды

ERNUR.KZ. Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Компанияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды.

«Бұл шешім бүгін Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды», - делінген хабарламада.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының басшысы қызметін 2005 жылдан бері атқарып келді.