Тимур Құлыбаевтың анасы дүниеден озды

0
699

Қаралы хабар Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.


Тимур Құлыбаевтың анасы дүниеден озды

ERNUR.KZ. Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Құлыбаева 82 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның қайтыс болғаны туралы қаралы хабар Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық кәсіпкер және белгілі қоғам қайраткері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені – KAZENERGY қауымдастығының төрағасы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.