Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының өсетініне сенімді

0
1 286

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жұма күні Алматы қаласында өткізілген CFO SUMMIT 2018 шарасында айтты деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының өсетініне сенімді

фото: economy.gov.kz

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жұма күні Алматы қаласында өткізілген CFO SUMMIT 2018 шарасында айтты деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаһандық экономика және ұлттық басымдықтар» такырыбында баяндама жасаған министрдің пікірінше, алдағы тұрақты өсімнің бағдары ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары болады.

Мәселен, министрдің айтуынша, соңғы бірнеше жылдағы салыстырмалы түрдегі өсу қарқынының төмендеуінен кейін әлемдік экономикалық белсенділіктің қолайлы кезеңдік күшеюі өндірістің ықтимал көлемін ұлғайту және онымен байланысты пайдаларды кеңінен бөлуге қол жеткізуге, сондай-ақ өсім қатерлеріне тұрақтылықты нығайтуға арналған маңызды реформаларды жүргізу үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге жол ашуда.

«2018 жылы біз Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы жоғары өсім перспективасын көріп отырмыз: өңдеуші салаларда Қашаған кенорнындағы өндіру есебінен, мұнай өңдеу зауыттары мен тамақ өнеркәсібіндегі жүзеге асырылған жаңғыртуларға байланысты, мұнай өңдеу секілді айтарлықтай қысқа өндірістік кезеңдерде қомақты инвестициялар байқалады. Жүргізілген қазыналық және монетарлық саясат келісушілігі 2018 жылы да экономиканың негізгі сенімді өсіміне айналады», - деді Т.Сүлейменов.

Бұдан басқа, оның айтуынша, ІЖӨ-ге қатысты, бюджеттік шығындардың жалпы азаюы инфляциялық қысымның әлсіреуіне әсер етеді.

«Бұл тренд теңгенің нығаюымен және мұнай өңдеудің ұлғаюымен байланысты ішкі отын бағасының тұрақтандырылуы арқылы нығайтылады», - деді министр.