Тізімге енбеген алматылық депутаттар неліктен коронавирус вакцинасын салдырды

0
2 247

Ақпан айында Алматы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.


Тізімге енбеген алматылық депутаттар неліктен коронавирус вакцинасын салдырды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында Алматы мәслихатының депутаттарына коронавирусқа қарсы вакцина не үшін салынғанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі белгілеп берген адамдарға вакцинация жасалуда. Олар - медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әскери және полиция қызметкерлері, студенттер, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері, диспансерде есепте тұрған адамдар.

Онлайн брифинг барысында журналистер спикерден денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге енбеген депутаттарға неге вакцина салынғанын сұрады.

«Арнайы қор бар. Мәліметтер базасында вакцинацияланған барлық адамдар қызметі бойынша нақты сипатталған. Басшылық лауазымдағы адамдар қажет болған жағдайда вакцина алуы керек. Депутаттар - үнемі халықпен, медицина қызметкерлерімен және тағы басқалармен байланыста болатын адамдар. Сондықтан, арнайы қордың шешімімен бұл адамдарға вакцина егілді. Алматыға бөлінген доза оңды-солды таратылмайды. Мұның бәрі кейінірек тексеріледі», - деп жауап берді Лаура Мырзағали.

Еске салайық, ақпан айында Алматы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.