ТМД елдері қарулы күштерінің бас штаб басшылары Бакуде кездеседі

0
481

Төрағалық етуші – Әзербайжан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – әзербайжан армиясы бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиев.


ТМД елдері қарулы күштерінің бас штаб басшылары Бакуде кездеседі

ERNUR.KZ. 12 қазанда Бакуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер Қарулы күштерінің штабтар бастығы комитетінің кезекті отырыс өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, Ресей қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, Ресей Федерациясындағы Тәжікстанның әскери атташесі қатысады.

Төрағалық етуші – Әзербайжан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – әзербайжан армиясы бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиев.

Бұған дейін Қырғызстанның қорғаныс министрлігі өз елінің әскери контингенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Тәжікстанда өтетін «Рубеж-2022» оқу-жаттығуына қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Онымен қоса, Қырғызстан өз аумағында ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуден бас тартты. Оқу-жаттығу 10-14 қазан күндеріне жоспарланған болатын.