​Тойда иіліп сәлем салған ер-жігіттің әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

0
909

Ер жігіт орамал таққан келіншектің икемімен бірнеше рет иіліп сәлем салған.


​Тойда иіліп сәлем салған ер-жігіттің әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

ERNUR.KZ. Қолына гүл ұстаған жігіттің кіреберісте бірнеше рет иіліп сәлем салғаны желі қолданушыларының көңілін түсірді, деп жазады Экспресс К.

Ер жігіттің сәлем салған әрекеті әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода жігіттің қолына гүл ұстап тойханаға кіргенін көруге болады. Мұнан әрі орамал таққан келіншектің икемімен бірнеше рет иіліп сәлем салған.

Күйеу жігіттің бұл әрекетін желі қолданушылары қатты сынға алды. Олар еркек иілмейтінін жазып, намыстың жоғалып бара жатқанына алаңдаулы.



"Еркек иілмейді, тек бас изейді. Намыс қайда?" "Мынадан кейін сен кім болдың? Ұят тірлік". "Қай атамның салтында жігітке сәлем салдырған? Намыс тапталды ғой". "Жастарға бұлай үлгі болмаңдар". "Еркекке тән қасиетіңді сақта", -деп жазды желі қолданушылары.

Бүгінде тойдағы ерсі қылықтар жұрттың талқысына жиі түседі.