"Тойдың тағы бір түрі": Ғаламторда әскерден келген ұлына той жасағандардың видеосы тарады

0
2 751

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.


фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды

Отан алдындағы борышын өтеп келген баласына той жасағандар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.


Ғаламторда тараған видеодан әскери киім киген жігіттің сән-салтанатпен той төріне келе жатқанын көруге болады. Үстіне ту жамылған сарбазды "Ән сал, сарбаз" әнімен ортаға алып шыққан. Тойға жиналғандар жігітті орындарынан тұрып, қошеметпен күтіп алғанын көреміз.

"Отан алдындағы борышын аман-есен өтеп, сарбаз атанып келе жатқан Нұрдәулет балдарыңызды қол соғып, қошеметпен "Сана" ән-би ансамблінің сүйемелдеуімен қарсы алыңыздар ағайын! Нұрдәулет балдарыңызды орындарыңыздан тұрып, мойындарыңызды бұрып, шапалақтарыңызды ұрып қарсы аламыз", - дейді тойды тізгіндеген асаба.

Бұл той желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі той иелерін жақтаса, енді біреулер мұны ысырапшылдыққа теңеп отыр.

"Қазір әскерден тірі келсе де жетістік, или аяқ қолы сау келсе", "Қайтеді енді, баласының аман келгеніне де қуанатын болды ғой ел", "Кейбір тойлардан осы да дұрыс ау! Отан қорғап, аман барып сау қайту деген...", "Той жасай берсін, бірақ былай кіргізгені сұмдық", "Асабаларға жақсы бопты, тағы бір тойдың пайда болғаны". "Бірінші сүндет той, екіншісі осы деп", "Қазір әскерден аман келгеніне шүкір айтатын заман болып кетті ғой. Қуанып той жасаған шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

ERNUR.KZ